- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қытай оқымыстылары панданың...
Қытай оқымыстылары панданың тілін тапты
Фото:
www.bugaga.ru
Қытайда тек тіл мамандарын емес, жабайы табиғатты жақсы көретін жандардың барлығын таңдандырған жаңалық болды. Жергілікті оқымыстылар панданың тілін тапқан. Ол үшін 5 жыл уақыт жұмсаған. Бұл ғылыми жұмыстың арқасында қазір қалаған адам бамбук аюымен сөйлесе алады.
Мысалы, «кью-кью» деген «бәрі жақсы» деген сөзді білдірсе, ал, «вау-вау» деген сөз керісінше оның бір нәрсеге көңілі толмай тұрғандығын білдіреді.
Әзірге зерттеушілер олардың 13 дыбысына ғана түсініктеме берді. Бірақ олар мұнымен тоқтап қалмай, жақында тағы да бір сөйлесу үлгісін шығаратынын мәлімдеді.