- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қытай аспазы 216...
Қытай аспазы 216 қойдың етін бір мезетте қуырып рекорд орнатты
Фото:
www.youtube.com
Қытайдың Наньнин ауданында Абин есімді аспаз 216 қойдың етін бір мезетте пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, − деп хабарлайды 24.kz жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Абин мен оның көмекшілері алаңға шығып, 216 қойдың етін іліп шықты. Аспаз арнайы дәмдеуіштерін қосқаннан кейін етті пісіруге кірісті. Біркелкі пісу үшін ол етті үнемі ауыстырып тұрды. 216 қойдың етін пісіруге шамамен екі сағат уақыт кетті. Гиннестің рекордтар кітабының Ұлыбританиядан келген ресми өкілі қытайлық аспаздың рекордын тіркеді.
Аспаз осылайша өз арманына қол жеткізгенін айтып отыр. Айта кетейік, ол әлемдік деңгейдегі барбекю шебері болу үшін 1997 жылы Наньнинге келген.
С. Ерсін