Қыштан ою ойған талант иесі

Михаил Садовников – математик, әрі салмақты, байсалды жан. Оны өзге математиктерден ерекшелеп тұратын қасиеті – таланты. Осы талантының арқасында қыштан таңғаларлық дүниелер жасайды. Бұл қасиетін Скопинде үш жыл сайын өтетін халықаралық көзешілер фестивалінде дәлелдеп келеді. Михаил өз туындыларына ерекше көзқараспен қарайды. Мысалы, өзі жасаған қыш құмыраларын құмыра емес, «Ғаламның өрнегі» деп есептейді. Құмыралардан да басқа ғажайып еңбегінің бірі – қыштан шыр айналдырып салынған өрнектер. Бұл жұмыс төзімділік пен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен, «бәрін айт та, бірін айт». Михаилдың өнерін видеодан көріп тамашалайық!

 

Оқи отырыңыз:

Қытай зейнеткері темірден жылқы жасады (Видео)

1500 жыл бойы өсіп келе жатқан Періште емені

Сәтті түсірілген жан-жануарлардың портреттері

Бойынан 11 000 вольтты тоқ өтпейтін бала

Сурет: culture.ru