Бала кезде күз мезгілі келсе болды, тыраулап ұшқан тырналар мен жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды көз алмай көкке қарап шығарып салатынбыз. Кейде қанаттыларға қарап тұрып, әлемнің қай мекеніне барады екен деген сұрақ барлығының көкейінде болғаны һақ. Расымен де құстардың қай жерде қай жерде суық қысты өткізетіні барлығымызға қызық. Сонымен бұл қандай жерлер екендігін тізімге алып көрейік.
Пиреней түбегі күз келгенде құстарға толады. Қанаттылардың 500-ге жуық түрі осында келіп, суық қыстан аман шығу үшін осы жерді мекендейді. Табиғаттың таңғажайып кереметін көру үшін жыл сайын Кантабариға 10 миллионнан астам турист келіп тамашалап кетеді. Тіпті Ұлттық саябақ басқарушылары 20-шы қыркүйек күні "Құстарды миграциялау" атты фестиваль өткізеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар демалып, суретке түсіріп арқа-жарқа жарқа болады. Экотуризімі жақсы дамыған бұл мекен құстардың басым бөлігі бағыт алатын жерлердің бірі десек қателеспейміз.
Еуропадағы құстардың көп бөлігі шоғырланатын тағы бір тамаша мекені Эстония мемлекеті. Мұндай Көбіне Солтүстік мекеннің қанаттыларын көбірек кездестіресіз. Мұнда құс атаулының 120-ға жуық түрі жылу іздеп келеді. Аталған мекеннің осындай кереметі бар екенін сезген туристік компаниялар арнайы турлар ұйымдастыруды жақсылап қолға алған. Наурыз айынан бастап мамырға дейін өз мекендеріне ұша жөнелетіндер қыркүйектен бастап қайтадан осында жинала бастайды.
Джавахети Ұлттық саябағына орталық, шығыс Азияның құстары көптеп сапар шегеді. Мұндағы "Ханчали" өзені қанаттылардың бірден-бір жылынатын мекені. Тоқсаныншы жылдары мемлекет басшылығы өз суын басқа өндіріске пайдаланбақ болған. Алайда, экологиялық дағдарысқа ұшырап, барлығын өз орнында қалдыруды жөн санаған. Бүгінде бұл мекеннен жабайы үйрек, қаз, шағала сынды балықпен қоректенетін құстарды көбірек кездестіруге болады.
Африканың жылы мемлекеттерінің бірі саналатын Кения елі де – жыл сайын құстардың сан түрін көруге құмартатындар үшін таптырмайтын орын. Мемлекет тарапынан жағдай жасау мүмкін болмағанымен де табиғаттың тылсым күші қанаттылардың жайлылығына ыңғайлы орын. Қызғылт фламинго, ақ пеликан және үлкен баклан сынды керемет құстарды осы жерден кездестіруге болады. Жердің құрғап, өсімдіктердің жойылу салдарынан құстардың көп бөлігі осы жерде жан тәсілім етеді. Құрдымға кетіп бара жатқан құстарды көрген Кения мемлекетінің басшылығы қолдан келгенін жасаймыз дегенімен, экономикалық жағдайдың төмендеуінің арқасында Накуруға көп назар аударылмай жатыр.