- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Құшағы кең жер...
Құшағы кең жер асты қаласы
Жер астында жатқан бір қала бар. Ол - Аустралияның оңтүстігіндегі Кубер-Педи қаласы.
Шөл жаулап алған құла түз. Алғаш рет жылтыр тас табылған тұста, 1915 жылы іргесі қаланыпты. Содан бері қала тұрғындары сүркей ара-райының кесірінен жер астын паналап тұруға мәжбүр болған. Шахта қазудың оңды жол болғаны соншалықты, Кубер-Педи жер асты қаласына айналып шыға келген.
Жер асты тіршіліктің анау айтқандай жаман жағы жоқ. Керісінше, барлық жағдай жасалған десе де болады: температура Цельсий бойынша 24 градустан төмен түспейді және 20 пайыз ылғал сақталып отырады.
Кубер-Педи қаласы туралы ұзақ уақыт бойына ешкім білмеді. Тек 1980 жылдардың орта тұсында құм астындағы қалаға туристер келе бастады. Араға бір жылды салып барып Умберто Коро есімді қала тұрғыны жергіліктің елді-мекеннің бизнестегі өрісін танып, жер астынан бірінші болып қонақүй тұрғызған болатын. Содан бері Кубер-Педи қаласы 3000 тұрғынның арқасында қарқынды дамып, өрісі кеңіп, күннен-күнге гүлденіп келе жатқан жайы бар.
суреттер:gorpom.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига