Түріктің Kuşköy атты шағын бір елді-мекені бір-бірімен "құс тілінде" сөйлеседі.
"Kuşköy" атауының өзі "құстардың елді-мекені" деген мағынаны береді. Аймақтың ландшафтық ерекшелігі осыдан 400 жыл бұрын осы бір құс тілінің тууына себеп болған. Жар мен жартастан жету қиын әрі көп уақытты қажет ететін болғандықтан, жергілікті жұртшылық сөйлесудің өзгеше түрін дүниеге әкелуге тиіс болыпты.
Ел-жұрттың адамдары түрік сөздерін ысқыру түрінде бөліп-жара отырып, бір-бірлерін қонаққа шақыра береді немесе ақпараттарды жеткізіп жатады. Тіпті, күрделі әңгімелерді де айта алатын кездер ұшырасатын көрінеді.
Мобильді қондырғылардың дүниеге келуімен аталған тіл біртіндеп ұмытылып, өле бастаған. Бірақ, аудан басшылығы осы бір тілдің сақталып және жастар арасында кең таралуы үшін бар күштерін салуда.
Елді-мекен жұртшылығы жыл сайын "құс тілі" мерекесін өткізіп, оған екі мыңға жуық адам қатысады.
Бұл елді-мекеннен бөлек те, ысқыру тілі Гомер аралында сақталып қалыпты.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/P0aoguO_tvI#t","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: wordpress.com