Құрлықта жүре алатын балық (бейне)

Құрлықта жүре алатын балық (бейне)
Фото: 24.kz

Жер бетіндегі тіршіліктің адамзат баласы үшін жұмбақ тұстары бітпейтін сыңайлы. Нью-Джерси Технологиялық институтының ғалымдары сумен қатар құрлықта жүре алатын балықтың табылғанын айтты.

Сөйтсе, ол осы мақсатта өзінің жүзгіш қанаттарын пайдаланады екен. Бұл балықты америкалық ғалымдар Таиландтың солтүстігінен тауып алған. Ғылыми атауы Cryptotora thamicola болатын балықты олар «үңгір періштесі» деп атапты. Сонда бұл балық қалай жүреді? Ғалымдардың айтуынша, ол арқасы мен құрсағындағы жүзгіш қанаттарды тек суда пайдаланып ғана қоймай, құрлықта сол қанаттарымен жүреді екен. Негізі жүзгіш «аяғы» бар балықтар ғылымда бұрын да кездескен.

Бірақ, Cryptotora thamicola-дан айырмашылығы - олар тек ғана су астында «жүре алатын» болған. Ал Cryptotora thamicola-ның басты ерекшелігі - оның бойында суда дем алатын желбезекпен қатар құрлықта тыныстауға мүмкіндік беретін торсылдағы бар. Балық осы арқылы жер бетіндегі ауамен өкпе арқылы дем алғандай тыныстайды.  Енді осы балықтың қимыл-қозғалысына қарап, зерттеушілер ғаламшардағы ең алғашқы жануарлардың аяқтарының Жер бетімен жүру кезінде қалай өзгергендігін анықтай алады.


Дереккөз: 24.kz

Г. Берік