- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Құрбақалар тас қараңғыда...
Құрбақалар тас қараңғыда да түc ажырата алады
Құрбақалар тас қараңғыда да айналасындағы түстерді ажырата алады екен. Мұндай қызықты ақпарат «Philosophical Transactions of the Royal Society B» басылымында жарияланды.
- Құрбақалардың көру қабілеті – табиғаттағы таңғажайып құбылыстардың бірі десек болады. Олар қараңғыда айналасындағы түстерді ажыратып қана қоймай, көру қабілетін жақсы сақтап қала алады, - дейді Швециядағы Лунд университетінің зерттеушісі Альмут Келбер.
Адам көзінің көру қабілеті екі жүйеде жұмыс жасайды. Жарық сезуші рецепторлар түрлі түстерді анықтауға көмектессе, екінші жүйеде адам қараңғыда бір заттың сұлбасын ғана ажырата алады. Жарық сезуші рецепторлар үшін жарық жеткілікті болуы тиіс. Ал швед зерттеушілері дәлелдегендей, құрбақалар адам секілді емес, тас қараңғыда да түстерді оңай ажырата алады екен. Олардың мұндай көру қабілетіне зерттеушілер таңданыстарын жасыра алмай отыр.
Құрбақалардың көбіне түнде жүруінің бір себебі де осында болса керек...
О. Сансызбай