Құны 1 млрд. доллар болатын картиналар табылды

Құны 1 млрд. доллар болатын картиналар табылды

Мюнхендегі пәтерлердің бірінен соғыс жылдарында неміс фашистерінің қолды қылған аса бағалы картиналардың коллекциясы табылды. Олардың ішінде Пикассо, Матисс, Марк Шагал, Эмиль Нольде, Франц Марк, Макс Бекман, Пауль Клее, Оскар Кокошка, Эрнст Людвиг Кирхнер және Макс Либерман сияқты аттары әлемге танымал суреттшілердің еңбектерін қосқанда мың жарымдай картина табылып отыр. Мамандар қазірдің өзінде аса құнды жәдігерлердің бағасын 1 миллиард еуроға бағалап үлгерді.

1

Суретшінің ата-анасы бейнеленген (Марк Шагал). Коллекцияның ішінен табылған картиналардың бірі.

Немістің Focus басылымы картиналарды 1930-1940 жылдар аралығында белгісіз коллекционердің сатып алғандығы жөнінде жазады. Кейін құнды дүниелер оның баласының қолына өтіп, ол оны 50 жылдан аса уақыт қараңғы бөлмеде сақтап келген. Ал ол болса олардың кейбірін сатып, сол ақшаға өз күнін көріп келіпті.

1

«Арыстанды жуастырушы», Макс Бекман

Бір қызығы, аталған коллекция 2011 жылы табылған. Алайда билік өкілдері оны тек жақында ғана жұртшылыққа хабарлап отыр. Өнер зерттеушілері оларды кезінде еврей-коллекционерлері жинап, кейін фашистер туындыларды дегенеративті өнер түріне жатқызғандығы себепті, олардан "кәмпескелеп" алуы мүмкін деп болжайды.    

Картиналарға лық толы пәтер полиция өкілдері Швейцариядан Мюнхенге жол тартып бара жатқан, қолында үлкен сөмкесі бар 80 жастағы Корнелиус Гарлитта атты кісіні (кейін белгілі болғандай, ол әлгі белгісіз коллекционердің баласы болып шықты) ұстағаннан кейін табылған.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: webground.su

Б. Қосмағамбет