Ауа-райының суып, күннің қысқаруы адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді. Wired басылымының жазуынша, қыстыгүні адамдар күйзеліске ұшырағыш болып келеді.
Егер адамның биологиялық сағаты күнделікті тірлік пен жұмысқа сай болмаса, көңіл-күйді өзгерту үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет екен. Оның үстіне қыс айларында өз-өзіне қол жұмсау да жиі кездеседі.
Мамандар қыста адамдарға көп ұйықтау керегін айтады. Сол себепті жұмыс графигін әркім өзінің биологиялық сағатына ыңғайлап реттеуі қажет.