Құмырсқадай еңбек ету

Құмырсқадай еңбек ету

Құмырсқа – топтанып тіршілік ететін, жер бетінде ең көп тараған жәндік. Бұнақ денелілер отрядына жататын ондай жәндіктің бүгінде 10 мыңдай түрі бары анықталып отыр.

Құмырсқаның денесі бас, кеуде және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақ сүйектері жақсы дамыған. Кеудесі жіңішке болғанымен үш жұп аяқтары өзінен он есе ауыр жүкті еш қиындықсыз көтеріп алуға қауқарлы.

Бір илеуде 10 мыңнан 100 мыңға дейін құмырсқа тіршілік етсе, әр илеуде өзінің аталығы, аналығы, «жұмысшылары» және «жауынгерлері» болады. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өліп қалатын болса, ал дене тұрқы екі есе ірілеу болатын аналықтары бірнеше рет ұрпақ жалғастырғаны былай тұрсын, олар 20 жылға дейін өмір сүреді екен.

Құмырсқаны зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Сол мамандар дәл қазіргі уақытта жер бетінде 10 квадриллион құмырсқаның барын анықтаған. Ол 7,5 миллиард адамның әр қайсысына бір миллион құмырсқадан келеді деген сөз.

Айта кету керек, Африка мен Азияда құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланатын елдер де бар. Себебі ол жәндіктің ағзасы ақуыз бен майға бар.

nationalgeographic.kz

А. Оралқызы