Джейми Харкинстің ең сүйікті ісі – теңіз жағалауына барып демалу. Бұл іс оның күнделікті дағдысына айналған. Алайда Джейми теңізге барған соң күнге қыздырынып, салқын суға шомылмайды. Бар болғаны табиғатқа қарап отырып сурет салады.
Оның өзге қылқалам шеберлерінен айырмашылығы жер мен көктей. Басқа әріптестері секілді сурет салу үшін бояуларды, қағаз бен қарындашты қажетсінбей, құмды пайдаланады. Ол құмның бетіне 3D суреттерін салады. Біз өмір сүретін ХХІ ғасырда бұл жаңалық болмаса да, бич-арт суретшілері үшін бұл - үлкен жетістік, әрі бұл өнерді бағалаушылар да аз емес. Көбінесе теңіз жағасына келушілердің суретін салады.
Джейми Харкинс – нағыз талант иесі. Себебі ол 3D кескіндеменің барлық құпия-сырын толық меңгерген. Оның салған суреттеріне қараған жан өзге бір таңғажайып әлемде жүргендей күй кешеді. Бір өкініштісі сурет ұзақ сақталмайды, оны самал желмен бірге тербелген теңіз толқыны шәйіп кетеді.
"Теңіз түбіне саяхат" немесе "Жер асты есігі"
"Жігіттердің ойыны"
"Көңіл көтеру"
"Бөгде ғаламшарлықтар жер бетін алауыздықтауда"
"Бақыт құшағындағы қос ғашық"
"Тау шыңында орналасқан сарай"
"Тостердегі нан"
"Ерекше дәлізді үңгір"
"Айналмалы глобус"
Оқи отырыңыз:
«Қолымнан ұста, соңымнан ер...» (Фото)
«Диснейленд» ертегі әлемі қалай салынды?
Тауды тесіп жасалған туннель туралы білесіз бе?
Шоқан Уәлиханов ізбасарлары "Қашқарияға" сапар жасамақ
Нил Армcтронг Айға бірінші болып ұшты ма, әлде АҚШ бізді алдады ма?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: animalworld.com.ua,cameralabs.org