Үндістанның Бангалоре қаласының тұрғыны Химаншу Гупта Гиннес рекордтар кітабына енді. Ол бір кітапты ұзақ уақыт бойы бір саусақпен айналдыра алатын қабілетке ие. Әлем тұрғындарына жолдаған видео-хабарламасында ол Гиннес рекордтар кітабын 44 минут бойы бір саусақпен айналдырып тұрған.
Нәтижесінде, аталған кітапқа да енген. Олай болса, сол видео-хабарламадан сіз де құр қалмаңыз. Егер шаршамаймын десеңіз, 44 минутыңызды қиып, оның кітапты шыр айналдырғанын орныңыздан тапжылай қарасаңыз болады.