Көз алдарыңызға халқы тығыз орналасқан Жапония елін елестетіп көріңіз. Олардың жерінің әрбір метрі есептеліп, бағасы алтыннан қымбат саналып кеткен. Ондай аймақта адам аяғы баспаған аймақтар болуы мүмкін екендігіне сену қиын. Алайда, мұндай жерлерді Жапония халқы ерекше құрметтеп «кофун» деп атаған.
Кофун – ежелгі дәуірлерде билік еткен императорлардың жерлеу орындары. Жапон тілінен аударғанда «қорған» деген мағынаны береді. Классикалық кофунның сырт пішімі құлып оймасын еске түсіреді. Оның айналасына үлкен етіліп арықтар жүргізілген.
Кофундардың ең үлкені Нинтокурё қорғаны Осака қаласына жақын ауданда орналасқан. Оның ұзындығы шамамен 486 метр, ені – 305 метр, биіктігі – 33 метр, жалпы аумағы – 150 мың шаршы метрді қамтиды. Қорықта б.з.б. IV ғасырда билік еткен Нинтоку императоры жерленген.
Оқи отырыңыз:
Иранда қозғалатын үй жасалды
Бұл иттерге ренжу мүмкін емес
Айдағы АҚШ-тың жалауы жоғалып кетті
22 қыркүйек – Дүниежүзілік пілдерді қорғау күні
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: obozrevatel.com,fototelegraf