Кірпіштен жасалған мүсіндер

Кірпіштен жасалған мүсіндер

Кірпіш – құрылыс нысандарына қолданылатын құрылыстық материал. Алайда бұл тек қарапайым адамдардың пікірі. Жай кірпішті қолөнер өнеркәсібіне пайдаланып, жауһар туындылар жасап шығарған мүсінші Брэд Спенсер қарапайым адамдардың ойын түбегейлі өзгертті.  


«Сен де – бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деген Абай атамыздың сөзін мүсінші дұрыс бағалаған екен. Ол аталған материалды тек құрылысқа ғана пайдаланып қоймай, адам баласына эстетикалық ләззат сыйлайтын туындылар жасап шығарды.  Брэд - әлемдегі кірпішті материал ретінде қолданатын саусақпен санарлық мүсіншілердің бірі. Бұл өнер түрімен 1984 жылдан бері айналысып келеді. Қазіргі уақытта мамандығы қызығушылығына сәйкес келуде: тек мүсіндер ғана жасап қоймай, суретті де тамаша салады.

Мүсінші кірпішті шикізат көзі ретінде алған. Оның таңдаулы туындысының бірі -  кітап бетін парақтаған жас балалар мен көкке өрмелеп шыққан жас жеткіншек ескерткіші. Бұл мүсінімен Брэд жұрттың көңілін бірден баурап алды. Автордың айтуынша, қазіргі бүлдіршіндер, оқушылар, студенттер кітап оқымайды. «Кітап білім шыңына апарар жол» деп ұран салады. Мұнымен қатар ескерткіште «Өмір – ашылған кітап» деген жазу бар. Философиялық мағынасы өте тереңде жатқан мүсін жастар қауымын ойландыратыны анық. 

Оқт отырыңыз: 

Жартастағы "тірі" мүсіндер

Таңғажайып төңкерілген үйлер

Керексіз заттардың екінші өмірі

Әлемдегі елеулі археологиялық ашылулар

Эйфель мұнарасы 125 жылдан соң (Фото)

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: funpress,kulturalogia

Н. Нұрмаханұлы