Бізге теңіз шаяны деп ұсынылатын орамадағы краб таяқшалары неден жасалатынын білесіз бе? Оның мағынасы сурими деген жұмбақ сөзбен байланысты.
Сурими – әртүрлі ақ балықтан жасалатын балық пастасы, бастапқыда басқа тағамдарды әзірлегеннен қалған балық қалдықтарын қайда тастауды білмегендіктен ойлап табылған. Бұл сурими тағамы Жапонияда 900 жылдан бері танымал. Одан котлет, шұжық жасайды.
Негізінен сурими былай жасалады: ақ балықты мұз қып қатырады, одан соң оны езіп-жаншып, центрифугада сығып, суын сорғытады. Сонда бөгде иісі мен дәмі жоқ ақ түсті паста шығады. Түрі балшыққа ұқсайды, одан не жасасаңыз да, қалпын жақсы сақтайды. Өкінішке орай, көптеген өндіріс орындары оған жұмыртқа ақуызы, крахмал, хош иістендіргіш, консерватор секілді ағзаға зиянды ингредиенттер қосады. Табиғи сурими патстасында ақуыз көп, натрий мен қант аз болады. Ал мұндай құрамнан краб таяқшасын жасай алмас еді.
Суримиден тек краб таяқшасын емес, краб етін де жасайды. Мысалы дүкендерден көріп жүрген маринадталған үлкен креветкалар құрамында да осы сурими бар.