Израильдік суретші Тал Пелег (Tal Peleg) адам көзінің айналасын көркем әлемге айналдыра алады. Көз – адамның ең нәзік, ең сезімтал мүшесі. Көздің адам өміріндегі қажеттілігі, артықшылығы басқа тақырып. Бір белгілісі, көз – адам жанының айнасы... Картинадағы адам жанарының құдіреті еріксіз тылсым бір күйге бөлейді. Адам жанарының айналасына салынған картинамен астасқандағы әдемілігі өзінше бөлек.
Тал Пелег косметикалық заттарды пайдалану арқылы сюжетті картина немесе суретті ертегі салып шығады. Мәнге, мазмұнға толы макияж талайды таң қалдыруда. «Бұршақ ішіндегі ханшайым», «Ұйқыдағы ару» атты картиналары көпшілік көзайымына айналып отыр. Кәсіпқой маман ертегілер әлемінің ерекше түрлерін көз бояуын пайдалану арқылы жасайды. Мысалы, "Мысық көз" картинасында қара түсті бояу көбірек пайдаланылған. Көз айналасына сурет салудың көркем шебері әр жұмысына асқан ұқыптылықпен қарайды. Әр жұмыс – қаншама уақыттың нәтижесі. Бағасы да, сапасы да еткен еңбегін толық ақтай алады. Ерекше жұмыс қызығушылығы жоғары адамдардың сүйіктісіне айналып үлгерді.
Визажист Тал Пелегтің миниатюралық картиналары:
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Тал Пелегтің facebook парақшасынан алынды