Көзі көрмейтін кино сыншысы

Көзі көрмейтін кино сыншысы

Томм Эдисонның біршама жыл бұрын көзі көруден қалса да, бұл оның кино көруіне, оларға баға беруіне, интернет бетінде блог жүргізуіне, суретке түсіруіне еш кедергі келтірмепті. Әрине, кино көріп, оған сын айту визуальды түрде орындалуы тиіс. Есесіне, Эдисон мырзаның кино көруде өз ұстанар әдісі бар.

"Мен кино көріп отырғанда көзі көретін адамдарға қарағанда дыбыс тілінің аспектілеріне назар салып отырамын. Мен басты кейіпкерлердің анайы сезімдері мен фильмнің қызылды-жасылды бояуларына мән бермеймін. Оның орнына әр адамның сөйлеген сөзі мен кейіпкерлердің мінез-құлық болмысындағы ерекшеліктеріне үңіліп отырамын", - дейді Эдиссон.

Көрерменнің сөзіне сенсек, Эдисонның киноға берген бағасы сыншылық тұрғыда өте-мөте көңілге қонымды шығып жатады екен. Және ара-тұра әзіл мен мысқыл қосып отыру да әдеті көрінеді.

Ата-анасы бір жолы оған көзің көрмейді дегенді айтыпты. Бірақ, бұл жігіт болашақ шын соқыр бола тұра, өзіне бір нәрсе болды деп ойламайды. Барлық көзі көретін адамдар секілді соқырлық та оған шынайы өмірдің көрінісі іспетті танылған. Оның ойынша, соқырлық өмір сүруге кедергі келтірмейді. Әр жолы өз қағидасын қайталаудан таңбай, мына видеороликтермен танылып келеді: "Соқыр өмірдің артықшылығы", "Неге табиғат мені үрейлендіреді" және "Соқыр баскетболшы".
сурет:biglion.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига