- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Көйлектің түсін неге...
Көйлектің түсін неге әрқалай көреміз?
Ғаламторда қолданушылар көйлектің қандай түсте екенін дауласып, анықтауда. Әркім түсті әрқалай қабылдайды. Бірі «қара көк» етіп көрсе, басқалары «ақ сары» түсте көреді екен.
Бұл мәселенің ғылыми шешімі бар.
Бұл оптикалық иллюзия. Жауабын табу үшін неврологиялық қабылдау теориясына сүйену керек. Көйлекпен ұқсас тағы бір иллюзияны қарастырайық:
А және В шаршылары бір түсті. Алайда ми оларды әр түрлі түсте қабылдайды. Бұның себебі цилиндрдің көлеңкесінде. Ми суретке анализ жасап, көлеңкенің әсерінің арқасында түсті ажыратады. Бұл иллюзия жанындағы шаршылардың түсіне байланысты. Белгілі бір шаршының түсін біз жанындағы шаршылардың түсіне қарап, танимыз. Көлеңке жұмсақ әрі қара және ақ шаршыларды жауып тұрғандықтан біз оларды көлеңкеден ажыратып, қарай алмаймыз.
Бұл орайда «көру жүйесіндегі бір ақау» деген тұжырым туындауы мүмкін. Алайда, шынында, мәселе – болмысты қалай қабылдауыңызда.
Сонымен көйлектің түсін неге әрқалай қабылдаймыз?
Ақ сары түсті көрген адам көйлектің көк екенін көргенде ендігәрі оны ақ сары етіп көрмейді. Яғни, барлығы ситуацияны қалай қабылдайтыныңызға байланысты.
Суретке қарағанда миыңыз көз алдында не тұрғанын анықтауға кіріседі. Жарықты, суреттегі түстерді бір-бірімен біріктіре қарап, ми «маңызды» факторды анықтайды. Соның нәтижесінде сіз көйлекті не ақ түсте не көк түсте көресіз.
Шындығында, көйлек – көк түсті. Ал сіздің болмысты қабылдаудың нәтижесі көйлекті қандай түсте көретініңізге әсер етеді.
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз:
Ф. Абилова