- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Көше сиқыршыларының құпиясы...
Көше сиқыршыларының құпиясы
Көптеген «манахтар» аңқау көрермендердің көңілін аударып, назарын ұрлау үшін бұл әдісті жиі қолданады. Яғни, ауада еш нәрсенің көмегінсіз қалқып тұрғандай әсер береді. Бір қарағанда адамның қолынан келмес дүние жоқ екен деп, ерекше бір тылсым күштің бар екеніне сенім білдіресіз. Екінші бір ой «Бұл қалай болғаны? Бұл – мүмкін емес!» деп басқа жаққа алып қашары тағы анық. Ендеше, жіңішке таяққа сүйеніп, ауада қалқып тұрған адамның құпиясы қалай?
Бұның құпиясы – үнді йогасында жатыр екен. Яғни, сіз аузыңызды ашып, көзіңізді жұмған «әулие адам» жәй ғана ағаштан жасалған ыңғайлы, жіңішке орындықта отыр екен. «Жіңішке орындықтың» аяғы жерге нығыздалып бекітілген.
Бір жағынан көше сиқыршыларының көзбояушылығына өкпе артуға болмайды. «Ғажайып бейне» көшеде серуендеп бара жатқан жүргіншілердің назарын аударып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Олар өтірігін жасыру үшін әдейі ұзын жеңді, үлкен киімдер киіп алады.
Бұндай адамдардың көбісі дәл осындай әрекетке ақша үшін барады. Егер сізге ұнамаса тиыныңызды шығындамай-ақ қойыңыз. Алайда жіңішке орындықта жанын шүберекке түйіп отырған адамның төзімділігін, ерік-жігерін жоққа шығара алмасымыз анық. Бүгін біз сіздермен бірлесе отырып көше сиқыршыларының құпиясына қанық болдық. Олай болса, ауада қалқып тұрған «әулие» көрсеңіз қаша жөнелмеңіз...
Тағы да бірнеше көше сиқыршысы:
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: oxyxo.ru
Ш. Талап