Кореяға барғың келе ме?

Оқырмандардың сұранысы бойынша бүгін сіздермен Корея еліне саяхат жасауды жөн көріп отырмыз.

Өркениеті дамыған елде кез келге туристің керегін қанағаттандыра алатын мыңдаған көрікті орындар мен мемлекетке ғана тән жеке құндылықтар жетіп артылады. Алма-кезек ауысып отыратын төрт маусым әртүрлі күйге енетін таулар мен қыраттардың, теңіздер мен жағалаулардың кереметтей көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді. Ал ғасырлар қойнауынан хабар беретін қайталанбас мәдени мұралар туристер қауымын онан сайын ынтықтыра түседі. Корея қалалары бір сәтте көз ілген емес. Онда күндізде, түнде де өмір қайнап жатыр. Көп сөзді қайтеміз? Саяхатты бастайық. Ең алдымен Оңтүстік Кореяға қарай жол тартайық!

Кёнбоккун (Kyongbokkung)


Чосон дәуірінде тұрғызылған бес сарайдың ең үлкені - Кёнбоккун. Жалпы алып жатқау аумағы - 410 мың шаршы метр. Бұл жерде әлі күнге дейін патша гвардиясының қарауылдары тұрады. олардың ең негізігі орналасатын жерлері - үш есікті қақпа Кванхвамун. Бұл орталық есікпен тек патшаның өзі ғана кіретін болған. Кезінде қағанаттың барлың мәселесі шешілген, талай соғыс пен бейбіт өмірдің куәгері болған кешендер мемлекет үшін де, халық үшін де өте қымбат.

Тағы да бір танымал кешен - көркемсурет павильоны Кёнхверу (Kyonghoeru). Атауды "қуанышты жүздесулер мекені" деп аударуға болады. Көлемі үлкен, ашық күркенің ортасына 45 гранитты құьыр орнатылған. Бұл жерде корей патшалары елшілерді қабылдап, той-думан өткізген. Жалпы Кёнхверуды  Кореяның негізгі нышандарының бірі ретінде атауға болады. Ғимарат ұлттық ақшаға бейнеленген.

Кореяның ұлттық мұражайы - әлемнің ең үлкен мұражайларының алтыншы орнында тұр. Оның аумағына мемлекетті тарихынан ғана хабар беретін дүниелер емес, мәдени құндылықтары да қойылған (тас ғасырынан бастап).Мұражайдың ішінен Йон театрына бас сұғып, естелік заттар дүкендерін, мейрамханаларды көре аласыз. Мұражайдағы ең құнды экспонат - корейлік Хонгыль әліпбиі. Бұл жерде жүріп жазу үлгісінің қалыптасу кезеңдеріне көз жеткізуге болады. Үшінші, төртінші қабаттарында Орталық Азия мемлекеттерінің өмірінен хабар беретін мұраларды ұшырастыруға болады.

Чхандоккун  сарайы - Чосон әулетінің билігі кезінде тұрғызылған. Оның құрылыс жұмыстары 1405 жылы басталып, 1412 жылы аяқталған. Бірнеше рет құлдырауларды бастан кешірген ғимарат бүгінде мемлекеттің қорғауына алынып отыр. Онда патшайымның ресим сарайы(Тэджоджон), Сеулдің ең кәрі көпірі(Кымчхонгё), патша архиві(Чухамну) негізгі тақ(Инджонджон) орналасқан.

Оңтүстік Кореяның астанасындағы Хан өзенінің жағалауынан орын тепкен «Здание 63» құрылысы алыстан сізді шақырып тұрады. 249 метрлік зеңгір үй ең биік ғимараттардың үшінші орнында тұр. Оның атауына себепкер болған - ғимараттың 63 қабаты. Онда теңіз әлемінің көрінісін тамашалауға болатын алып океанариум, балауыз мүсіндерінің мұражайы, ойын-сауық орталықтары, Хан өзенінің көрінісін тамашалауға арналған алаңқай бар.

Тондэмун қақпасы - Сеул қаласының ең негізгі нышандарының бірі. Корей тілінен аударғанда "Тондэмун" - "шығыстың ұлы қақпалары" деген мағынаны білдіреді. Қақпа Чооногу ауданында орналасқан. Ең негізгң құрылысы 1698 жылы аяқталған болса, 1896 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа кейіпті иемденді. Дәл осы қақпаға жақын тұста күллі әлемге танымал "Тондэмун базары" бар.

Содэмун түрмесі - Хансон қаласында 1907 жылдары тұрғызылған болатын, Ал оның реми ашылуы - 1908 жылдың 21 қазанында өтті. Жүз жылдың куәгері атанған түрме бүгінде мұражайға айналып үлгерген.

«Кемпірқосақ субұрқағы" көпірі(Панпхо)


Әлемдегі ең ұзын субұрқақ-көпір(ұзындығы - 1140м) Сеулден орын тепкен. Гиннестің Рекордтар кітабына ресми түрде енген екен. Ашылу салтанаты 2009 жылдың мамыр айында өткен болатын.

Lotte World саябағы - Сеулдегі жабық"Диснейлэнд". Сатып алған бір билетіңіз таңнан кешкен дейін 60-тан астам атракциондарда көңіл көтеруге болады. Әуе шарына отырып жанартау жанындағы сарқыраманы тамашалау мүмкіндігі бар. Лазерлі шоу, қайықтағы серуен, жасанды мұздағы сырғанақ - бұл саябақтағы ең көңілді орталықтары саналады.

Everland  - Сеулдегі тағы да бір танымал саябақ. Сіз бұл жерде зообаққа кіріп, ортағасырлық сарайларды аралай аласыз. Саябақта гүлдер фестивалі, сафари ұйымдастырылып тұрады. Тікұшаққа мініп, американдық төбешіктерде серуендеп, қорқынышты сарайларға бас сұғып көруге мүмкіндігіңіз бар.

Жапон теңізінің жағалауында орналасқан, Сеулден 200 шақырым ары жердегі Сораксан тауы - әлемнің ең көрікті жерлерінің бірі. Қысқы спорт түрлерінің арқасында Сораксан тауы шипажайға айналып кеткен. Мұнда қысы-жазы алаңсыз демалуға болады. Тау шаңғысынан басқа жүзу, альпинизм жақсы дамыған.

 

Чечжудо  аралы - мұхиттағы ең танымал шипажай саналады. Оның тропикалық климаты, өсімдіктері, пейзажы - Кореяның басқа аумағынан тым ерекше келеді. Ең басты құндылығы - Халласан тауы(1950 м). Сөнген жанартау араладың көркіне көрік қосып, қонақтардың көзайымына айналып үлгерген.

 

 

Суреттер:bleach-forum.2x2forumy.com

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева