Кореяның астанасы Сеул қаласындағы Myundong ауданында орналасқан сауда-саттық кешенінде қазақша жарнама жасайтын дүкен бар. Бұл туралы massaget.kz тілшісі хабарлайды.
Clio деп аталатын опа-далап сататын дүкен өз тауарын әлемнің бірнеше тілінде жарнамалайды, оның ішінде қазақ тілі де бар.
Суреттен көріп отырғандарыңыздай, сауда витринасындағы жазулардың ішінде қазақ тілінде жазылған «Мынауменжаңартыңыз» деген сөз бар. Сөздердің арасында қалып кеткен бос орынның болмауын сатушылар барлық сөздерді бір стильде жазуды жөн көргендіктерімен байланыстырды.
Бір қызығы, «Clio» бренді әзірге Қазақстан нарығында жоқ. Clio – грек тіліндегі «мақтау» деген ұғымды білдіреді. Бұл марканың сән косметикасы әлемдік деңгейдегі өндірушілермен бәсекелесе алады. Өнімінің сапасы мен палитрасының көптігіне орай мұны кәсіби гримерлер мен визажистер таңдайды екен.
Автор: Ардақ Құлтай
Сурет: massaget.kz