Көне көш

Көне көш
Фото: uniface.kz

Тынық мұхитындағы аралдарға қоныс аудару адамзат тарихындағы теңіз сая­хатының ең ұзағы болды. Шамамен, 3400 жылдай бұрын адамдар оңтүстік-шығыс Азиядан шығып, жаңа тіршілік мекені үшін жер іздеп, ашық суда жүздеген шақырымды жүзіп өткен. Алайда ғалымдарда саяхаттың дәл басталған жері мен ежелгі теңізшілер соншама ұзақ қашықтықты қалай жүзіп өткені туралы нақты деректер жоқтың қасы.

Жаңа ғылыми еңбек нәтижесінде теңізде жүзудің компьютерлік модельдеуі және климат пен мұхиттану деректерін  біріктіре отырып, ықтимал сценарийлер жасалды. Кейбір қоныс аударушылар Индонезияның солтүстігіндегі Молук аралдарынан шығып, 800 шақырым қашықтықтағы Палауға келген болуы мүмкін. Басқалары Жаңа Гвинеяға таяу Бисмарк архипелагінен шығып, Қиыр Шығыстағы Самао мен Тонгоға табан тіреген делінеді.

Адамдар батыс Полинезияға жеткенде олардың өркениетінде екі мыңжылдыққа барабар өзгеріс орын алды. Ғылыми еңбек оның себебін түсіндіреді. Теңізшілер сапарға шыққанда жел олардың артынан есіп тұрған, ал Самаоға таяу тұста оның бағыты өзгеріп, саяхатшылар қиын жағдайда қалған. Уақыт өте келе олар желге қарсы жүзуді меңгерген. Бұл олардың шығысқа қарай сапарлау­ы­на мүмкіндік берді.

«Алысқа, мұхит түкпіріне бару бұрын қолданылғаннан мүлде өзгеше саяхат стратегиясын қажет етті, ешқандай арал көрінбегендіктен теңізшілер аспан компас­ын пайдалануға мәжбүр болды»,– дейді Орегон университетінің архео­логі, зерттеуші – Скотт М. Фитц­патрик.

Палауда сақталған 500-1200 жыл бұрынғы жәдігер Тынық мұхиты жағалауынан табылған заттарға ұқсайды.

Автор: А.Р. Уильямс
nationalgeographic.kz

А. Қажиев