- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қонақжайлылықтан кері кеткен...
Қонақжайлылықтан кері кеткен қалалар
Қонақжайлық қасиет қазақтан басқа әлемдегі бірқатар елдерде бар. Алайда ол әр аймақта әртүрлі дәрежеде. Мысалы, Американың Ньюарк қаласы меймандостықтан ең ада қалған мекен болып шықты. Ол қалаға барудың жалғыз себебі – аз пұлға көнетін әуе қатынасының арзандағы. Ньюарк - Нью-Джерси штатындағы үлкен қала. Эссекс әкімшілік округінің орталығы.
АҚШ-та Детройттан бастап (қызықтар дәнеңесі жоқ) Лос-Анджелеске дейін (нағыз тосын сыйлар мекені) көптеген қала бар. Бұл туралы айтуымыздың бір себебі, жақында ғана ерекше статистикалық мәлімет тарады. Әлбетте, қонақжайлылық және сапарлап барған кездегі қолайлы жағдай хақында.
Сонымен, америкалықтар үшін саяхатқа ең қолайсыз қалалар ондығы былайша түзіліпті. Анықтамалықты саяхатшы оқырман сөзімен ұсындық.
10. Танжер, Марокко — CN Traveler порталының оқырмандары Танжерде жол қосшысыз саяхат жасамауға кеңес береді.
9. Атлантик-Сити, АҚШ — «Лас-Вегастың бұлыңғыр көлеңкесі».
8. Детройт, АҚШ — «Әлемдік қабыршақ».
7. Нью-Хэйвен, АҚШ — Қалада Йельс университеті орналасқанына қарамастан тұрғындар ашушаң әрі дөрекі болып келеді.
6. Ломе, Того — «Бұл жерде аялдамаған абзал, бұл жерде бар нәрсе орнында тұрмайды».
5. Кувейт, Кувейт — «Жақсы мейрамханалар, жақсы шопинг болғанмен, оның көзге көрерлік несі бар?».
4. Луанда, Ангола — «Бұл қалада азаматтық соғыс жаңғырығы әл күнге дейін естіледі».
3. Окленд, АҚШ — «Бұл қала жеке құқықтан айырады».
2. Исламабад, Пакистан — CN Traveler оқырмандары бұл мекенді қонақжай санамайды, бірақ баруға тұрарлық себептер де жоқ емес дейді. Әсіресе, әдемі пейзаж, тамаша мейрамханалар мен көлемді сауда орталықтары бар.
1. Ньюарк — «Арзан әуе билеттері ғана жанға медеу».
Автор: Мансұр Қыдыр
Сурет: mykartinka.ru
Е. Жұмабайұлы