Бүгінде әлеуметтік желілерде дәл осы үлгідегі суреттер кең етек алуда. Яғни, бұндай суреттерде бір жұмбақ қыз жігіттің қолынан ұстап, алға қараған күйі белгісіз жаққа кетіп бара жатады. Ол қыздың қай жаққа кетіп бара жатқаны маңызды емес, себебі бұл көрініс – өте әдемі... Осынау ерекше һәм қызықты жоба «Cоңымнан ер» (Follow me) деп аталады. Авторы дағыстандық жас фотограф Мурад Османн. Ол қазір Мәскеу, Лондон қалаларында қызмет етеді. Жас фотографтың бұл жобасы жастар арасында қызығушылық тудырып, ғаламтор беттерінде жиі жарық көруде. Мурад суреттерінің басты кейіпкері 28 жастағы журналист Наталья Захарова. Мурад пен Натальяның бір-біріне ғашық болып, бірге жүргендеріне бірнеше жыл болған. Екеуі қол ұстасқан күйі Венеция, Токио, Париж, Лондон, Мәскеу, Бали, Сингапур сынды әлемдегі ғажайып мекендерге аяқ басқан. Мурадтың әйгілі суреттері сол бір ғажайып жерлерде түсірілген екен. Мурад журналистерге берген сұқбатында: «Дәл осылай суретке түсу идеясы аяқ астынан пайда болды. Барселона қаласында жүрген кезде қызым Натальямен бірнеше сағат бойы тоқтаусыз түсірілім жасадым. Тоқтаусыз түсірілімнен кейін қызым қатты шаршап кетсе керек, менің қолымнан ұстады да белгісіз жаққа қарай сүйрей жөнелді. Бірақ мен сонда да фотоаппаратымды қолымнан тастамай, суретке түсіруді жалғастыра бердім. Бұл сценарий осылайша әлемнің әр түкпірінде қайталанды», - дейді.
Назарларыңызға Мурад Османның үздік туындыларын ұсынамыз:
Бали
Париж, Франция
Альгамбра, Гранада, Испания
Бали
Ыстамбұл, Түркия
Милан, Италия
Барселона, Испания
Дубай, БАӘ
Гонконг
Иордания
Бруклин көпірі, Нью-Йорк
Лондон, Ұлыбритания
Нью-Йорк кітапханасы, АҚШ
Әулие Мария госпиталі. Бірнеше секундтан кейін Кейт Миддлтон дүниеге ұл бала алып келеді.
Горький атындағы саябақ, Мәскеу
Австрия
Гонконгтағы Диснейленд
Бранденбург қақпасы, Берлин, Германия
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru