- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қолтырауынның тілін тапқан...
Қолтырауынның тілін тапқан жігіт
Қолтырауындар туралы не білесіздер? Қолтырауын дегенде есіңізге ең алдымен аяушылық дегеннен хабары жоқ жыртқыш түсетіні белгілі. Егер қолыңыз оның аузына түссе, оны естелікке қалдыра салған дұрыс. Өйткені, оны бәрібір суырып алу мүмкін емес. Олармен қарым-қатынас жасау қиынның қиыны. Кезінде қолтырауын асырағысы келген талай адам олармен байланыс орната алмай шаршаған. Ал бүгінгі әңгімеміз бізді де, сізді де таң қалдыратыны анық.
Чито есімді жігіт қашанда жан-жануарларға қол ұшын беріп, көмектесуді өмірдегі басты ұстанымдарының бірі деп біледі. Себебі, тылсым табиғатпен ерекше байланыста екенін сезінген. Бірде ол жараланған кішкентай қолтырауынды тауып алып, оны емдеуге барын салады. Чито 3 жыл уақыт жұмсап, ақыры өз дегеніне жетеді. Сол кезден жиырма жылға жуық уақыт өтсе де, Пачо деп аталатын алып қолтырауын Читоны көрген кезде қуанышты екенін білдіреді.
Чито бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында былай дейді: "Пачо мені тістемейді, себебі, сыйлайды. Менің суға түскенімді ол қатты жақсы көреді. Ал келмесем, сағынады".
Төмендегі видеодан Чито мен Пачо туралы деректі фильмді көре аласыздар.
Ж. Исакаев