Қолсыз туған суретші

Польшалық суретші Мариуш Кедзерски (Mariusz Kedzierski) адам сенгісіз шынайы портреттер салады. Ол өзін басқа суретшілерден ерекшелігім жоқ деп санайды. Бірақ шын мәнінде жасы жиырма үштегі суретші өмірге қолсыз келген. Әйтсе де, Мариуш еш мойымай өз мүмкіндігінен асып, өмірге көптеген таңғажап дүние әкелген.