Қолшатырдан жасалған шымылдықтар

Қолшатырдан жасалған шымылдықтар

Күздің жауынды күндерінде сенімді серігімізге айналған қолшатырлар тек қорғаныс қызметін атқарып қана қоймай, қала көшелерін сәндеуде қажетке жарап келеді. 

Жақын арада өткен «Агитагуэда» атты көркемөнер фестивалі барысында Португалияның Агеде қаласында қолшатырдан шымылдық жасалды. Әзірге шымылдық авторының есімі белгісіз, жобаның мән-мағынасы туралы мәліметтер де жоқ. Бір айта алатынымыз, дизайнерлік өнердің қайталанбас туындысы өткен-кеткен адамдардың жандарын жадыратып, қуаныш пен жымиыс сыйлауда...

Жобааға "Umbrella Sky" атауы берілді. Жүздеген қолшатырлар қоғамдық көліктер жүріп өтетін көшелердің жоғары жағына ілінген. Мұнда пайдаланылған ашық түсті қолшатырлар - күздің жауынды күндерінде жоғалып кеткен көңіліңіздің көтерілуіне себепкер бола алады.

Суреттер:topnews.ru,novate.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева