- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Көлеңкенің кереметі...
Көлеңкенің кереметі
Сіздер адамдарды таңғалдыру үшін жаңа өнер ойлап табу мүмкін емес деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ әлі де ғажайыптар жасалу үстінде. Суретшілер көлеңкеден керемет жасап шығарды. Қалай дейсіз ғой? Олар жарға көлеңке арқылы сурет салады. Бұл жаңа туынды үшін бар болғаны қағаз, ағаш, алюминий, қоқыс қалдықтары және жарық қажет. Әрине бұл үшін қалыпқа сыймас қиял, өзгеше пайым және шеберліктің керек екені айтпаса да белгілі. Осылайша қайталанбас өнер туындысы дүниеге келіп отыр. Жарықпен, көлеңкемен, түрлі ұсақ заттармен жұмыс жасау қажырлықты, шыдамдылықты қажет етеді. Көрермендердің көлеңке суреттерге ден қоюы “күл-қоқысқа” деген түсінігін өзгертеді. Ғажайып суреттер адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды.
Сіздердің назарларыңызға бір топ суретшінің өнер туындыларын ұсынамыз:
Әзірбайжан суретшісі Рашид Алакбаровтың суреттері:
“Бакудегі ұшу” картинасы Лондондағы “De Pury Gallery” галереясының көзайымына айналды.
Нидерланд суретшісі Дит Вигманның суреттері:
Жапон суретшісі Куми Ямашитаның суреттері:
Британдық арт-дуэт Тим Нобл мен Сью Вебстердің суреттері:
Жапон суретшісі және грфикалық дизайнері Шигео Фукуданың суреттері:
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: adme.ru
Ш. Талап