Көктемдегі қызықты Гиннесс рекордтары

Көктем басталысымен әр елдегі дәстүрлі мерекелік шаралар жанданып келеді. Жақында Украинаның Киев қаласының тәуелсіздік алаңында дәстүрлі «Кәуап пісіру» мерекесі өткізілді. Бұл мереке украин халқының дәстүріне айналғалы да біраз заманның жүзі болған. Дегенмен тау жайлаған халықтардың бәріне ортақ кәуап тағамын украин халқы заңды түрде еншілеп үлгерген болатын.

Бұл күнгі мерекеде ұзындығы 150.6 метр ұзындықтағы 200 кг ет бір темірге өткізіліп, Украина тарихына ең ұзын кәуап болып жазылды.

Ал бұл кәуапті пісірген темір ошақ та ең ұзын ошақ. Оның жалпы ұзындығы 161.9 метр екен. Бұл кәуапты пісіруге жалпы 800 кг ағаш көмірі жұмсалған.

4 наурыз күні Жапонияның Джин Ган ауданында 688 бастауыш мектеп оқушысы бір уақытта мелодия гармошкасын шалып, жаңа Гиннесс рекордын жаңартты. Бұл күні 688 мектеп оқушысы бір уақытта «Кішкене жұлдыз» атты музыкалық нөмірді тоқтаусыз бес минут бойы орындаған. Бұл шараға әлемдік Гиннесс рекордының бағалаушылары да қатысқан.

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com