- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Көктемде ғашық болудың...
Көктемде ғашық болудың сыры
Жаймашуақ көктем күндері жанға жайлы жылу сыйлайды. Жаңа таныстыққа мұрындық болады. Одан қалды, құрбы-құрдастарыңыз осы мезгілде ғашық болып, ғайыптан тайып күй кешіп жүреді. Соның бәрі көктемгі ауа-райының әлеуметтік қарым-қатынасқа тікелей әсерінен екен.
Күн ашық күні көтеріңкі көңіл-күйдегі адамдар роман бастап кетуге әзір. Статистикалық мәліметтерге сенсек, онда күн ашық күндері қыздардың көпшілігі бейтаныс жігіттерге өз телефон нөмірлерін беретін болып шықты.
Ол аз десеңіз, таяуда француз зерттеушілері тәжірибе жасап көріпті. Бір топ келбетті жігіттерді көшедегі қыздармен танысуға жіберген. Сол жолы, әр жігіт бейтаныс қызға сұлулығымен баурап алғанын айтып, өкінішке орай, жұмысқа асығып бара жатқанын алға тартқан. Сосын сынаққа қатысушы әдемі қыздан телефон нөмірін тастап кетуін өтінген екен. Егер аталған нәзік жанды ханым 10 секунд ішінде құлық білдірмесе, онда бас тарттыға саналған. Ақыры не болды деп ойлайсыз?
Анықталғандай, күн ашық күні қыздардың 20 пайызы телефон нөмірлерін тастап кетсе, жаңбырлы күні бұл көртсеткіш 10 пайызға да жетпепті.
Жылдың барлық мезгілінде ғашық болуға дайынсыз ба?
сурет:argentinawarez.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига