Женевада өткен Sotheby's аукционында 10,48 карат салмақ тартатын гауһартас 10 миллион 270 мың АҚШ долларына сатылып, көк гауһартастар арасындағы жаңа аукцион рекордын жаңартты.
Бастапқыда аукцион сайтында хабарланғандай тас 3,5-4,5 миллион доллар аралығында сатылады деп жоспарланған еді. Бұл жолы сатып алушының есімі құпия сақталған жоқ. Ол британдық ювелир Лоуренс Графф болып шықты. Лоуренс осыған дейін де әртүрлі аукциондардан бірнеше мәрте бағалы тастарды сатып алуымен көзге түсіп жүрген еді.
Сондай-ақ, көк гауһартастан бөлек, испан корольдік жанұясына тиесілі білезік те өзінің жаңа иесін тапты. Ол аукцион балғасынан 3 миллион 298 мың долларға сатылып кетті.
Жалпы Женева аукционында қойылған 589 лоттың 68-і ғана өз иелерін таба алмады. Барлық жиналған қаржы 80 миллион 800 мың долларға тең болды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: kuz.ua, donbass.ua, style.rbc.ru