Қожасын тәрбиелеген мысық

Үй-күйсіз жүрген, есірткіге құмар Джеймс Боуэн есімді музыкант даладан кезбе мысықты жолықтырған бойда өмірін басқа арнаға бұрған. 

Джеймс аздап ақша табу үшін көшеде гитарамен ән шырқайды. Бірде музыкант аяғын жарақаттап алған жирен мысықты байқап қалады. Мысықтың жағдайы өте мүшкіл болған, себебі мысық өз теңдестерімен төбелесіп, қатты зақым алып қалса керек. Көңіл-күйі түскен үйсіз жігіт мысықтың қандай қиын жағдайда қалғанын көріп, оны мал емханасына алып барады. Ол мысыққа біраз уақытқа дейін қамқорлық жасауды ұйғарады. Кейіннен мысық құлан-таза айығады. Ал Джеймс болса, өзіне дұрыс қарай алмаса керек. Оны тастап кетуді жөн көреді. Бірақ Джеймс мысықтан құтыла алмаған. Мысық қожасының артынан қалмай, барған жерінде еріп жүре берген.

Ақыры музыкант мысықты өз қамқорлығына алуды шешеді. Жігіт көшеде ән айтып, гитара тартып отырған кезінде мысық тыныш қана қожасының қасында отырады. Мұны көрген көрермендер қызығушылық танытып, оларды ықыласқа бөлейді. Соның арқасында Джеймстің табысы екі есеге өскен.

Джеймс бірте-бірте есірткіге тәуелділігінен арыла бастайды. Бобты (мысықтың аты) бүкіл Лондон қаласының тұрғыны таниды. Содан соң музыкант Боб жайлы «Боб есімді көше мысығы» атты кітап жазады. Қазіргі таңда олар төрткүл әлемге танымал.


Оқи отырыңыз: 

2014 жылдың 10 мистикалық құпиясы

Нубия пирамидасы туралы естуіңіз бар ма?

Бүгін тұрмыс құратынын білмеген қыз (видео)

Ағайынды жігіттердің қардан жасаған керемет мүсіндері

 

Сурет: www.huffingtonpost.com