- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Кобра шаққаннан кейін...
Кобра шаққаннан кейін 45 минут ән салған әнші сахнада қайтыс болды
Фото:
tengrinews.kz
Индонезиялық әнші король кобрасы шаққаннан кейін 45 минут әні салып, сахнада қайтыс болды, −деп хабарлайды The Mirror.
Қайғылы оқиға 3 сәуірде Батыс Ява провинциясында болды. Жыландар шоуымен танылған 29 жастағы Ирма Бьюл концерт кезінде байқаусызда король кобрасының құйрығын басып кетеді, кейін жылан оның санынан шағып алады. Бұл оқиғаны тыңдармандар видеоға түсіріп алған.
Бьюл жыланның шаққанына қарамастан 45 минут бойы ән салған, кейін оның жүрегі айнып, қол-аяқтары тартыла бастап, сахнада құлап түскен. Әнші ауруханаға жеткезілгенде, дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін