Шілденің 23-і күні ресми түрде "Бүкіләлемдік киттер мен дельфиндер" күні болып саналады (World Whale and Dolphin Day). Мұндай атаулы күнді 1986 жылы Халықаралық кит аулау комиссиясы (International Whaling Commission: IWC) киттердің 200 жыл бойы аяусыз аулануына байланысты осы кәсіпке тыйым салу шарасы ретінде бекіткен. Бұл ереже әлі күнге дейін күшін жоғалтпаған. Ол бойынша кит етін саудалауға немесе аңшылық етуге заң кесілді түрде тыйым салады.
Алайда, кит аулау кәсібі қазіргі таңда бір тыйылар емес. Онымен қоса басты мәселелердің бірі кит, дельфин және басқа да теңіз сүт қоректі хайуандары жойылу алдында тұр. Сол себептен бұл күн тек киттер немесе дельфиндердің күні ғана емес, сонымен қатар өзге де су асты жануарларын қамқорлыққа алу күні.
Жылма-жыл әдеттегі үрдіс бойынша қоршаған ортаны қорғау мекемелері мен бір топ жанашыр жан киттер мен дельфиндерге арнап, оларды аялау және мәпелеуге шақыру мақсатында бейбіт наразылық іс шараларын ұйымдастарады.
Оқи отырыңыз:
«Алаш» партиясының құрылғанына 97 жыл
«Диснейленд» ертегі әлемі қалай салынды?
Америкалық азамат екі басты қолтырауын тауып алды
Шоқан Уәлиханов ізбасарлары "Қашқарияға" сапар жасамақ
Тұңғыш қазақша "Зерде" смартфоны Моңғолияның Қарлық шыңына аттанды
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет:vidomosti-ua.com,savejapandolphins.org