Киноның ішіне кіруге мүмкіндік беретін кинотеатр

Киноның ішіне кіруге мүмкіндік беретін кинотеатр

Ашық алаңда орналасқан кинотеатрдың жаңа үлгісі Иерусалим қаласында бой көтерді. Оны болашақтың кинотеатры деп атауға болады.

Алғашқы 2 аптада кинотеатрда эксперимент жүргізіледі. Мұнымен қатар көрермендердің фильм ішіне кіріп өз бақтарын сынау мүмкіндігі бар. Жобаның авторы американдық дизайнер Рон Арад. Жастайынан сурет салумен шұғылданып Израильде туып өскен. Осы күндері Америкада тұрып жатқанына қарамастан, өзінің жаңа жобасын Отанына әкеліп таныстырады. Аталмыш жоба Шығыс халықтарының мәдени ошақтарының бірінен орын алған.


Рон Арадтың кинотеатры есіктері мен терезелері жоқ 26 метрлік цилиндрден тұрады. Оңай қозғалып, ішіне адамды өткізетін 5600 бөренеден жасалған. Автордың бірегей ойының арқасында бұл кинотеатр кино мен биді және театрды түйістірген жоба. Кино көрсетіліп жатқан уақытта кенеттен актерлер экранның алдына шығып, қойылым қояды. Рон Арад өзі жасаған кинотеатрды 720° деп атады. Мұндай қарапайым атау көпшілікті таңқалдыруда.


Рон Арад экранды бірнеше градусқа бұрып, цилиндр етіп жасаған. Бөренелердің арасы ашық болғандықтан, көрермендер экранның артқы бөлігінді не болып жақанын толықтай бақылай алады. Сол ашық жерлері арқылы фильмге енулеріне болады. Бұл кинотеатрға көпшілік адамдар қызығуда.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: fact.ru

Қ. Бүйенбай