Қытайдың Цзянсу провинциясында адам айтса сенгісіз оқиға тіркелді.
Мұнда 27 жастағы әйел кеспені сүйсіне жегені соншалық, 15 сантиметрлік қасықты жұтып қойыпты, деп хабарлайды The Shanghaiist.
Ванның өзінің айтуынша, кеспе жеп жатқан кезде қасық өздігінен жұтылып кеткен. Бірақ ауруханада оны қабылдаған хирургтар бұл әңгімеге сенімсіздікпен қарады. Себебі қасық кездейсоқ жұтып қоюға тым үлкен болған.
Дереккөз: 24.kz