Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" кемесі ұшырылды.
Вести.ру порталының хабарлауынша, экипаж құрамына ресейлік Олег Новецкий және оның әріптестері бортинженер Евгений Тарелкин мен НАСА бортинженеры Кевин Форд кірген. Бұл төрт ғарышкер ертең, яғни, 25 қазан күні Халықаралық Ғарыш Станциясында шілденің ортасынан бері жұмыс жасап келе жатқан ресейлік Юрий Мальченко, астронавт Сунита Уильямс және Жапония ғарыш агенттігінің астронавты ДжАКСА Акихико Хосидэенің қатарына қосылады.
Кеме командирі Олег Новецкий мен бортинженер Евгений Тарелкин ғарышқа алғаш рет ұшып бара жатыр. Ал НАСА-лық Кевин Форд болса, бұған дейін бұл кеңістікке көтерілген. Ол 2009 жылы «Дискавери» шатлы арқылы орбитаға конфункицоналды «Леонардо» модулін жеткізген болатын.
"Союз" ХҒС-ға ертең Алматы уақытымен 18.35-те жетеді деп жоспарланып отыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: azerros.ru