- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Кеңес одағы атом...
Кеңес одағы атом бомбасына қалай ие болды?
Көзіқарақты оқырман Жапон еліне тасталған екі атом бомбасы жайлы біледі. Шын мәнінде Жапонияға үш атом бомбасы тасталған. Енді, үшінші атом бомбасы қайда кетті, ол не үшін жарылмай қалды, оның жапон тарихында алар орны қандай деген заңды сұрақ туындайды. Мына мәліметтерге назар аударып көрейік.
1945 жылдың май айында фашистік Германия тізе бүгу келісіміне қол қойып, шілде айында АҚШ, Англия, Қытай сынды мемлекеттер Жапонияны тізе бүгуге насихаттайтын «Бостон мәлімдемесін» жариялағанда бұл мәлімдемеге мұрнын шүйірген жапон үкіметі бастарына төнген «Дамоклл семсерін» байқамаған болатын. Тамыз айының 6-сы және 9-ы күндері Жапонияда жарылған екі атом бомбасы екі бірдей қаланы жермен жексен етіп, күлін көкке ұшырған кезде Жапония үкіметінің шартсыз тізе бүккенін дүйім жұрт білгенімен, әлгі «қалтарыста қалған» үшінші атом бомбасын көп ел біле бермесе керек.
Жарты ғасырдан көбірек уақыттан бері АҚШ пен Кеңес одағы осы тақырып жөніндегі әңгімелерден тайсақтап, жұмған ауыздарын ашпай келеді. Уақыт өткен сайын сол кездегі құпия құжаттардың жарияға шығуы мен басы-қасында болған адамдардың жазған естеліктері Жапонияға тасталған үшінші атом бомбасының құпиясын ашты.
Жарық көрген мәліметтерге қарағанда, Жапонияның Хиросима, Нагасаки және Шияу саң деген жерлерінде жару үшін АҚШ атом бомбасынан үшеуін дайындаған.
Тамыздың 6-сы күні Хиросима қаласында бірінші атом бомбасын жарған АҚШ-тықтар 9-шы тамыз күні 2-ші, 3-ші атом бомбаларын жеке-жеке Шияу саң және Нагасаки қалаларында жаруға бомбалаушы ұшақ тобын жібереді. Олар Шияу саң ауданының әуе кеңістігіне келгенде ауа райы бұзылып, жер бетін көру мүмкін болмағандықтан, 45 минут мөлшерінде айналып жүріп, бұйрық бойынша Нагасаки қаласына қарай ұшады. Ұшақтың атом бомбасын тиеп алып жерге қайта қонуы өте қауіпті болғандықтан, ұшақ тобына екі атом бомбасын да Нагасаки қаласында жару туралы бұйрық түсіріледі.
АҚШ жақтың тұрақтандырған жарылыс деңгейі мен Жапония жақтың мәлімдемесіне негізділсек, тасталған екі бірдей атом бомбасының біреуі жарылмай қалған. Оны қолдарына түсірген Жапония үкіметі ғалымдарды жинап, оны қалай жаруды зерттемекші болғанымен соғыс өрті жалмап, ғылыми зерттеу орындары қирандыға айналғандықтан, бұл іске олардың мүмкіндіктері болмайды. Германияның жеңілісінен соң отарға айналғанынан хабардар болған Жапония үкіметі елінің талан-таражыға түспеуін алғышарт ете отырып, атом бомбасын Кеңес одағына тапсырып береді. Тізе бүгу келісімі кезінде Жапония жаққа кейбір «жеңілдіктер» жасауға уәде берген Кеңес одағының «көктен тілегені жерден табылып» осы бомбаны 1949 жылы тамызда «сәтті түрде» жарады.
Бұл хабар жарыққа шығысымен АҚШ үкімет басындағылар естерінен тана жаздайды. Өйткені, АҚШ атом бомбасын зерттеп жасауға 500 мың адамды 7 жыл бойы жұмылдырып, оған 3 миллиард АҚШ доллары қаржы жұмсаған еді. Соғыстан енді ғана есін жиып, ішер ас, киер киім үшін жанталасып жатқан Кеңес одағының қысқа ғана уақыт ішінде өз күшіне сүйеніп, атом бомбасын жаруы мүлде мүмкін емес еді.
Социалистік елдер ішінде тұңғыш рет атом қаруын жарып АҚШ-пен «терезесі теңелген» Кеңес одағы «даяр астың иесі» болғанын күні бүгінге дейін жасырып келеді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nnm.me
M. Auelkhan