Кенепке емес, дәнге салынған суреттер

Әдетте суретшілер суретті кенепке майлы бояумен түрлендіріп салатын. Кей суретшілер жан рахатын кенептен емес, жапыраққа, топыраққа бейнелеп жатады. Ал мына суретші суреттерін асқабақ дәндеріне бейнелейді екен.

Оның есімі – Салават Фидай. Оның мақсаты – әлемдегі ұлы туындыларды миниатюралы кескінге айналдыру. Автор ең алғаш рет Винсент Ван Гогтың суреттерін дәндерге салған екен. Сонымен, тамашалайық!