Әр бес жылда тамыз айының 19-ы мен 23-і аралығында кемелердің шеруі Голландияда ұйымдастырылады. Айта кетсек, әртүрлі көлемдегі кемелер Амстердам қаласының Эй шығанағында жиналады екен.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын фестиваль шеруіне Еуропаның түрлі елдерінен кемелер қатысады. Олар Амстердамның ескі айлағынан бастап, қаланың солтүстігіндегі Эй шығанағына дейін барады. Сондай-ақ, фестиваль барысында қызықты жарыстар ұйымдастырылып, кемедегі тарихи шайқастар қайта жаңғыртылады.
Айта кетсек, бұл шеру алғаш рет 1975 жылы Амстердам қаласының 700 жылдығына орай "Sail Amsterdam 700" атауымен өткізілген. Ендеше биылғы шеруден фотожинақты тамашалаңыздар.