Келесі метеорит АҚШ-тың үстінен ұшып өтті

Келесі метеорит АҚШ-тың үстінен ұшып өтті

Өткен жұма күні АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінің үстінен метеорит ұшып өтті.

Америка метеор ұйымының мамандарының айтуынша, бұл болид. Аспан денесі батыстан шығысқа қарай қозғалып отырған, яғни, шығыс Пенсильваниядан Нью Джерси арқылы Атлант мұхутына қарай бағыт алған.

Ұйымның маманы Роберт Лансфордтың айтуынша, метеордың ұшып өткені туралы ақпарат елдің 13 штанынан, мемлекет астанасы Вашингтоннан, сонымен қатар Канаданың бірнеше ауылдық жерінен келіп түскен. Төмендегі ел тұрғындары түсіріп алған видеоны тамашалай аласыздар:

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.uralinform.ru

Massaget