- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Кедей бай бола...
Кедей бай бола алады, егер оқыса...
«Білімдінің күні жарық» деген сөздің құны ешқашан кемімеген. Оқу жас талғамайды. Іздену, үйрену әр адамның парызы. Небір оқымысты жандар өткенін тарихтан білеміз. Ал, жапониялық оқымысты Киндзиро туралы естіп пе едіңіз?
Киндзиро – кедей ауданнан шыққан оқымысты бала. Оның арқасында бір құшақ отын, ал қолында – кітап. Бала осы күнге жетіп, құрметке лайық азамат болғанша көп оқыды. Ол осы тұрғыда орыс оқымыстысы Ломоносовпен ұқсастығы бар. Киндзиро Жапонияның ең алғашқы экономисі, жазушы, философы, тіпті, ауыл шаруашылық саласының білікті маманы болды. Бұл ескерткіш елдегі ең танымал ескерткіштердің бірі саналады.
Мүсін Токио қаласының орталығындағы кітап дүкенінің маңында орналасқан. Мұның мағынасы – егер оқыса, ілім іздеуге талпынса, кез келген кедей отбасынан шыққан бала құрметті азамат бола алады, кітап оқыса бай да, атақты да бола алады дегенге келеді.
Ж. Жұмағұлов