TengrinewsTV редакциясы шетелдіктерге қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, эксперимент жүргізді.
Экспериментте шетел азаматтарына құрт, қымыз, жая және қарта ұсынылды. Үндістандық Винея мен Сая, иорданиялық Ибрагим мен Абдалл, нигериялық Джеф пен Чакс қазақтың ұлттық тағамдарынан бірінші рет дәм татқан болып шықты. Олардың бұл тағамдарды жегеннен кейін алған әсерлерін видеоға түсіру эксперименттің басты мақсаты болатын.
"Шетелдіктердің барлығына дерлік құрттың дәмі ұнады. Мысалы, арабтарға оның дәмі өздерінің жергілікті тағамдарына ұқсас болып көрінді. Ал үнділер үшін құрт тым ащы екен. Қымыздың да дәмі ерекше бағаланды. Африкалықтарға қымыздың иісіне қарағанда дәмі көбірек ұнады және олар сусынның емдік қасиеті жайында көп естіп, қанық болды", − дейді экспериментті ұйымдастырушылар.
Шетелдіктердің ет деликатесі туралы ойлары бір жерден шықты. Қартаның түрі де, иісі де, дәмі де оларға ұнамады, көпшілігі оны жеп көруден бас тартты.