ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай округінде қазақ ұлттық медицинасы мен қазақтың ұлттық ойыны - ат спорты мемлекеттік санаттағы материалдық емес мәдени мұраның кеңейтілген тізіміне реcми түрде енгізілді. Бұл туралы inform.kz «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақтың халық медицинасы мен ат спорты ойындары қазақ ұлты шоғырланған Алтай өлкесінде кеңінен өріс алған.
Осы жылғы ат спорты жарысынан орын алған жеңімпаздардың бірі оған қазақ ұлттық спорт түрлері, әсіресе ат спорты ойындары ерекше ұнайтынын атап өтті. Ол қазақ жастары бұл дәстүрді одан әрі жалғастырып, келешекте шебер шабандоз болатынына сенімін білдірді.
Ежелгі халық медицинасы - қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан үрдіс. Халық емшісі Өтебойдақ Тілеуқабылұлы ХV ғасырда халық медицинасы туралы жинақталған білімді қорытындылап, жүйелеп кітап етіп шығарды.
Алтай қазақ медицинасы ауруханасының өкілі қазақи ем-дом қалыпты дәрілермен қоса, диетотерапия және жарық терапиясы сияқты өзгеше емдеу тәсілдерін қамтиды. Ауруханада қазақ халық медицинасы мен заманауи медициналық технологиялар үндестіріле қолданылады.
сурет: yvision.kz