Таяуда ғана Берлин қаласында жаңа мейрамхана ашылды. Мейрамхана – бұрын-соңды сіз естімеген, сіз көрмеген жаңалықтарға толы. Бұлай дейтініміз, сіз бұл жерден ірімшік, нан немесе қант секілді жақсы танитын азық-түліктеріңізді таба алмайсыз.
Есесіне Sauvage атын жамылған ғимаратқа басын сұққан қонақтар тек қана палеолит дәуірінің терімшілері мен аңшыларының қолы жеткен азық-түліктерден жасалған тағамдардың дәмін тата алады.
Дәмхана мәзірінде зәйтүннен, балқарағай жаңғақтарынан жасалған салаттар, жаңғақ майынан әзірленген ұнсыз нан, қақталған арқан балық пен түрлі шөптерден, аңдардың, балықтардың еттерінен жасалған ыстық тағамдар бар. Аталған мәзірдің қатарына қантсыз бәліштер мен асқабақ торттары енеді.
Мейрамхананың тұрақты келушілері мәзірдегі тағамдардың қандай қоспалардан екенін жақсы біледі және ешкімнің қарсылығы жоқ, керісінше осындай тәттілерді жеуді өздеріне бақыт санайды.
Sauvage – француз тілінен аударғанда «жабайы» деген мағынаны білдіреді. Мейрамхананы ашу идеясы жәйдан-жәй тумаған. Фаст-фуд тағамдарынан, олармен байланысты сырқаттардан шаршаған немістер «тас дәуірі диетасын» ұстауды жөн деп санаған. Бастапқыда мұндай тағамдарды өздері үшін әзірлеген болса, кейіннен үлкен мейрамхана ашқан екен. Мейрамхана қызметкерлері тас дәуіріндегідей қойтастар арқалап, жалаң аяқ жүреді.
Мейрамханада заманауи техника құралдары да жоқ емес, онда қысқа толқынды пештер, тоңазытқыштар да бар.
Өз қалаларындағы қарапайым тағамдардан мезі болған әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристер алыстан ат терлетіп келіп, Sauvage мейрамханасына аялдайтын көрінеді.
Суреттер:kulturologia.ru6lifeglobe.net6vespig.wordpress.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева