- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қастандық па, қателік...
Қастандық па, қателік пе?...
Әйгілі адамдардың өмірі ғана емес, өлімі де жұмбақ. Осыдан үш жыл бұрын бүкіл әлемге әйгілі, атағын ат түгілі, атан көтере алмастай таңғажайып танымал әнші өмірден өтті. Оның өлімінен кейін ел арасында әр түрлі күдік пен күмән өрбіді. Кейіндеп бұл шындыққа айнала бастады. Қайта-қайта сараптамалар барысында таяуда ғана оның өлімінің сырына нүкте қойылды.
11 қазанда Лос Анджелесте Майкл Джексонның жеке дәрігері Конрад Мюррейдің себеп болуымен туылған «қастандық қылмысы» қайта қаралды. Дегенмен мұны қастандық деуге әлі ерте. Сотта сол күні Майкл Джексонның денесінен алынған бір бөлім жіпұшына сүйене отырып, заң дәрігері түсірген суреттерге талдау жасалды. 58 жастағы Конрад Мюррейдің әлемге әйгілі әншінің жеке дәрігері болып, 2009 жылы 25 маусым күні таңертең әншіге қойылатын укол құрамына тыныштандыру дәрісінің мөлшерін артық қосып жібергендіктен, оның өліміне себепкер болған деген үкім қайта күшіне ие болды. Конрад Мюррей өзінің кінәсіз екендігін айтып, әлі де шағымданатынын білдіріп отыр. Оның айтуынша, бұл қастандық емес, тек қателік қана. Әрине ол да мүмкін.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: fotoden.info
Қ. Қауымбек