- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қарын түріндегі сөмке...
Қарын түріндегі сөмке
Фото:
lenta.ru
Бртиандық дизайнер Альберт Пьюкиз (Albert Pukies) адамның қарнына ұқсайтын сөмкені көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы Mashable басылымы жазды.
Пьюкиз бұл сөмкенің 6 түрін ойлап шығарған. Сөмкенің негізгі нұсқасын "Аллен" деп атаған. Бұдан бөлек "Дерек" (қара түсті нұсқасы), "Магнус" деп аталатын түрлері бар.
Дизайнердің идеясы әлеуметтік желілерде кең таралып, оның ішінде қытайлық Weibo желісінде танымал болып жатыр. Оның айтуынша сөмке жасайтын компаниялар да хабарласып үлгерген көрінеді.
Ж. Жұмағұлов