- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қарт ұстаз өз...
Қарт ұстаз өз алақанын 95°-қа дейін ысыта алады
Қытайдың тайцзицюань мен кунг-фу соғыс өнерін жетік меңгерген және цигун машығын ем-домға кеңінен қолданатын Чжоу Тин-Джу есімді майталман құр алақанмен адам төзгісіз от жарата алады.
"Қытай інжуі" атанып кеткен Чжоу ұстаз бұған дейін көптеген теле-шоуларға қатысып, осыған дейін орын алған бірнеше ғылыми эксперименттердің нысанына айналып үлгеріпті.
Сэнсэй су қайнатар ыстықты жаратып қана қоймай, сонымен қатар халықтық ем-доммен өмір сүреді. Ол ісік-домбықтарды, ұзаққа созылған ауыр жарақаттар мен әртүрлі жұпалы аурулардың мың да бір емін тапқан.
Мәселен, ұстаз өз ем-күшін Далай Ламаны, америкалық баскетболшыларды, Олимпиада атлеттері мен әйгілі тұлғаларды және жер-жаһанның байларында емде кеңінен қолданған.
Қытайда оны бәрі "Ұлт жауһары" деп атайды.
Бүгінде жетпісті алқымдаған Чжоу Тин-Джу кунг-фу техникасын атасынан 7 жаста меңгеруді қолға ала бастапты, бар-жоғы 16 жасында дене күшіне иелік етуге мүмкіндік беретін цигун құпиясын жан-жақты тани бастаған. Бір емес, бірнеше ұстаздардан дәріс алған.
АҚШ-қа қоныс аударған күні-ақ ол туралы аңызға бергісіз әңгімелер ғалымдардың құлағына шалынған. Алайда, әлі күнге дейін Чжоу Тин-Джудің өз алақанын қалай ысытатынын ешкім біле алмай келеді.
Сурет:doramikus.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига