Қария 106 жаста мектеп бітірді

Қария 106 жаста мектеп бітірді

Массачусетс штатындағы Беверли қаласының тұрғыны 106 жасқа келгенде мектепті бітірді.

Фред Батлерге орта білім алғандығы туралы дипломды ұсыну салтанатына қала мэрымен қатар бірнеше ресми өкілдер қатысты. 4 наурыз күні өткен жиында мектеп бітіруші түлек жиылғандарға алғысын білдіріп, табыс етілген аттестатты қатты бағалайтындығын айтты.

df

Батлер мектепті 9 сыныпқа келгенде тастап кетуге мәжбүр болған. Анасы мен іні-қарындастарын асырау үшін оқушы типографияға жұмысқа тұрады. Ал Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде әскерде борышын өтеген. Бұдан соң қалалық сумен қамтамасыз ету департаментінде қызмет еткен.

df

Қарияның келінінің айтуынша, Батлер осы уақытқа дейін мектепті бітіре алмағандығына қатты өкініп келген. Осы себепті балалары мен немерелеріне білімнің маңызын айтудан шаршамаған. Қарттың немерелірінің бірі журналистерге берген сұхбатында: "Атам маған әр бес алған сайын 5 доллар береді", - деді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: polit.ru, worldofpositive.livejournal.com

Massaget